Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 9 қабаттан биік ғимарат салуға тыйым салынуы мүмкін

Опубликовано:

Құрылыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің сөзінше, Бостандық ауданының негізгі проблемасы жаппай және нүктелі құрылыс болып отыр. Соңғы жылдары ауданда тұрғын үй құрылысының қарқыны әлеуметтік нысандар құрылысынан әлдеқайда асып түскен.

"Мәселені жүйелі шешу үшін маусым айында қала құрылысы регламентіне толықтырулар енгізілді. Нәтижесінде Абай даңғылынан оңтүстікке қарай және әл-Фараби даңғылынан солтүстікке қарай тұрғын үйлердің қабаттылығы 9 қабатқа дейін болуы белгіленді және әлеуметтік нысандар салу бойынша міндетті талап енгізілді. Құрылыстың жаңа ережелері бойынша жұмыс басталып кетті", - деді Ерболат Досаев.

Телеарнаның хабарлауынша, бүгінде Бостандық ауданында белсенді құрылыстың 6 алаңы бар. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981807-almatyda-9-qabattan-biik-gimarat-saluga-tyiym-salynuy-mumkin/

pixel