"Әрқайсысы 9 млн теңге": Шымкент саябағында құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған

Опубликовано:

Шымкент
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Шымкенттің дендрология саябағында құны пәтермен тең бес әжетхана қойылған. Біреуінің құны 9 миллион теңгеге бағаланған дәретханаларды әкімдікке қарасты әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы орнатқан, деп хабарлайды КТК.

Телеарнаның хабарлауынша, аз қамтылған отбасыларды қолдауға деп жиналған демеушілердің ақшасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дендросаябақта тұрған дәретханаларды сүріп тастап, орнына 5 әжетхана қойған. Оның әрқайсысы қаңылтырмен қапталған. Ерлер мен әйелдер жағында бір-бір бөлігі істесе, мүгедектерге арналған есіктері жабық. Ыстық су ақпайды. Тоққа қосатын сымдарының кей жері күйіп кеткен.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы аталған дәретханаларға қатысты мән-жайды түсіндіруді жөн деп таппаған. Арнайы хат талап еткен.

Алайда телеарнаға модульдік әжетханаға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті пікір білдірген.

"45 миллиондық қаржыға дендрология саябағына бес модульдік әжетхана орналастырылады. Ол әрқайсысы 9 миллион теңгеден, бір бөлмелі пәтердің құнымен бірдей. Бұл бюджеттік қаржы емес. Бірақ сонда да ол кәсіпкерлердің, меценаттардың қаржысы болғандықтан, бұны мақсатты, тиімді түрде пайдалану қажет", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Жани Қамбар.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981808-arqaisysy-9-mln-tenge-symkent-sayabagynda-quny-patermen-ten-bes-azetxana-qoiylgan/

jitsu gif