Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген қыз сотталды

Опубликовано:

тәркіленген наша
Фото: polisia.kz

Петропавлда есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген 22 жастағы қыз 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер оны ақпан айында ұстаған. Одан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленген.

Сот үкіміне сәйкес ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сот қосымша бойжеткенге жазаны өтеу орны бойынша есірткілік тәуелділіктен мәжбүрлеп емделуді тағайындады.

"Қазіргі уақыттың проблемасы – нашақорлардың, қылмыскерлердің орташа жасының төмендеуі. Жастар "оңай олжаға" қызығады. Олар өздерінің әрекеттері халықтың денсаулығына қаншалықты залал келтіретіні туралы, есірткіні сатқаны үшін заңнамамен қатаң жаза көзделгені туралы ойланбайды. Биыл СҚО-да есірткіні жасырын орынға салып кетіп жүрген 22 адамға сот үкімі шығарылды. Олардың 12-сінің жасы 25-тен аспайды. Олар орташа есеппен 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - дейді СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981810-petropavlda-esirtkini-zasyryn-orynga-salyp-ketip-zurgen-qyz-sottaldy/

pixel