Алматыда жүрген ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесусқа ат мінгізіп, шапан жапқан
Жарияланған күні:
Әлеуметтік желіде ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесусқа әлдекімдердің ат мінгізіп, шапан жауып жатқан сәтінен кадрлар пайда болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Аталған видеоны Instagram желісінде megapolis.kz парақшасы жариялаған. Онда ДДСҰ басшысы демалысын Алматыда, қазақы ортада өткізіп жүргені жазылған.
"Ол Алматының тауында болып қайтты (немесе әлі сол жерде). Демалыс орнының желідегі парақшасынан оған ат мінгізіп, шапан сыйлағанын байқауға болады", - делінген видео сипаттамасында.
Видеоны жариялаған автор ДДСҰ Бас директоры Тедрос Гебрейесустың қазақ ақыны Жүрсін Ерманға құда екенін еске салған.
Айта кетейік, 3 тамыз күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус Алматыға келгенін хабарлаған болатынбыз. Мәртебелі қонақ Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният және Алматы әкімі Ерболат Досаевпен кездескен.
Qazaqtv телеарнасының хабарлауынша, Тедрос Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981811-almatyda-zurgen-ddsu-bassysy-tedros-gebreiesusqa-at-mingizip-sapan-zapqan-video/