Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Опубликовано:

5 тамыз, жұма күні Қазақстанның үш мегаполисінде күн ыстық болады. Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынып отыр.
Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласында жауын-шашын болмайды және термометр бағанасы +30...32 градусты көрсетеді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді деп күтілуде.
Нұр-Сұлтан қаласында да бүгін күн ашық болады, дейді ауа райын болжаушылар. Температура +26...+28 градус аралығын көрсетуі мүмкін. Синоптиктер 9-14 м/с дейін жел соғатынын ескертті. Оның жылдамдығығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Шымкентте де күн ыстық болады. Мұнда ауа температурасы +32...+34 градусқа дейін жетпек. Желдің жылдамдығы секундына 8-ден 13 метрге дейін барады, дейді мамандар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981850-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/