Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашағанда газдың шығуына байланысты мұнай өндіру толығымен тоқтатылды

Опубликовано:

Қашағанда мұнай өндіру тоқтатылды
Көрнекі сурет: Pexels.com

Бүгін, 5 тамызда Атырау облысындағы Қашаған мұнай кен орнында газдың шығуына байланысты өндірісті толығымен тоқтатуға тура келгендігі белгілі болды. Бұл туралы Petrocouncil ресми Telegram-арнасында хабарланды.

Компания мәліметіне сәйкес, сейсенбі, 2 тамыз күні датчиктер Қарабатан зауытындағы шлам ұстағышқа баратын 12 құбыр желісінде газдың ағып кеткенін көрсеткен.

Тексеру жүргізіліп, нәтижесінде құбырлардың бірінде жарықтар пайда болғаны анықталды.

Болжам бойынша оған металл коррозиясы себеп болған.

Petrocouncil желідегі бұл зақымдануды жөндеуге 7-10 күн кетуі мүмкін деп бағалаған.

Қазір комиссия басқа да желілерде жарықшақ бар-жоғын тексеріп, зерттеп жатқаны атап өтілді.

Осылайша, қазіргі болжам бойынша, Қашағанда мұнай өндірудің тоқтауы бір аптаға дейін созылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1981983-qasaganda-gazdyn-syguyna-bailanysty-munai-ondiru-tolygymen-toqtatyldy/

pixel