Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Опубликовано:

Дауыл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 6 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынып, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің дерегінше, 6 тамызда Атырау облысының шығысында 37 градус қатты ыстық болады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, дауыл соғады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

6 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

6 тамызда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

6-7-8 тамызда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982009-sinoptikter-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/

pixel