Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда алып бала дүние келді

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтандағы №3 көпбейінді қалалық аурухананың перзентханасында салмағы 5,8 килограмм сәби дүниеге келді.

Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, алып бала 4 тамыз күні дүниеге келген. Медицина қызметкерлері оны Исатай батыр деп атап кеткен. Туған кездегі бойы – 63 см. Ол отбасындағы үшінші бала – кішкентай батырдың әпкесі мен ағасы бар.

Аурухананың мәліметінше, 30 жастағы әйел сәбиін жүктіліктің 39 аптасында табиғи түрде босанған.

"Қиын болды, бірақ мен перзентхана дәрігерлеріне дән ризамын. Жанымда бірнеше маман болды, маған қолдау жасап, жағдайды бақылап отырды. Керек десеңіз, жанымда перзентхана және босанғаннан кейінгі бөлім меңгерушілері де тұрды" - дейді нәрестенің анасы.

Ана мен баланың жағдайы жақсы, жақын күндері үйіне шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982048-nur-sultanda-alyp-bala-dunie-keldi/

pixel