COVID-19: Коронавирус жұқтырған 34 адамның жағдайы ауыр
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтыру бойынша жаңа статистикалық мәліметтерді жариялады. Оған сәйкес, бүгінде қауіпті инфекциядан емделіп жатқан 34 адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
5 тамыздағы мәлімет бойынша, 28 469 адам коронавирус инфекциясынан (–28 157+ және 312 КВИ-) емделуде.
Олардың ішінде 1 466 пациент стационарда, 27 003 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
34 адамның жағдайы ауыр,
9 пациенттің жағдайы өте ауыр,
5 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 2197 адамнан коронавирус анықталған болатын.
Оған қоса тағы 2287 қазақстандықтың қауіпті дерттен емделіп шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982049-covid-19-koronavirus-zuqtyrgan-34-adamnyn-zagdaiy-auyr/