Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны қызын балабақшаға бір айға тастап кеткен: бала көз жұмды

Опубликовано:

Ана мен бала
Көрнекі сурет: Pixabay

Нұр-Сұлтан қаласында әйел бір айға баласын үйде жұмыс істейтін әрі рұқсат құжаттары жоқ жекеменшік балабақшаға тастап кеткен. Бүлдіршін балабақшада көз жұмды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайтында хабарланды.

Қалалық сот ақпаратына сәйкес, "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" әйелді үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан айыру және алимент өндіріп алу талабымен Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жүгінген.

Іс материалдарына сенсек, әйел кіші қызын рұқсат құжаттары жоқ әрі үйде жұмыс істейтін жекеменшік балабақшаға бір айдан астам уақытқа тастап кеткен және балабақшаға ақы төлемеген. Ал үлкен қызы әжесінің бақылауында болған. Осылайша анасы бала тәрбиесіне мүлде араласпаған.

2022 жылғы сәуірде жеке үйдегі балабақшада болған кіші қыз қаза болған. Бұл жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Қыз баланың денесінде көптеген дене жарақаты болған.

Сот шешімімен әйел үлкен қызына қатысты ата-ана құқығынан шеттетілді, баланың болашақ тағдырын анықтау үшін үлкен қызы "Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы" ММ-ге берілді. Анасынан алимент өндіріп алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982088-nur-sultanda-aiel-qyzyn-balabaqsaga-bir-aiga-tastap-ketken-buldirsin-balabaqsada-koz-zumdy/

pixel