Нұр-Сұлтанда даңғылдағы жөндеу жұмыстарына байланысты автобустардың қозғалыс кестесі өзгереді
Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы Мәңгілік Ел даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты бес бағыт қозғалыс кестесін уақытша өзгертеді. Жол қозғалысының жаңа үлгілерін City Transportation Systems ресми Instagram парақшасында жариялады.
CTS мәліметінше, №18, 43, 46, 54, 70-бағыттардың қозғалыс схемасы уақытша өзгертілді.
Астаналықтарға өз бағытын алдын ала жоспарлаудың маңыздылығы ескертілді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 8-12 тамыз аралығында Орынбор көшесінен Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскеде көліктерге арналған қозғалыс толығымен, ал 6-20 тамыз аралығында Сауран көшесінің бойындағы көлік қозғалысы жартылай жабылатыны хабарланған болатын.
Сондай-ақ бүгін елордада Ұлы Дала даңғылының бойында жаңа көпір ашылады деп күтілуде.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982131-nur-sultanda-dangyldagy-zondeu-zumystaryna-bailanysty-avtobustardyn-qozgalys-kestesi-ozgeredi/