Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда майнингтен табыс табуға шақыратын қаржы пирамидасы анықталды

Опубликовано:

Майнинг
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қаржылық мониторингі агенттігі БҚО бойынша департаменті қаржы пирамидасын ұйымдастыру белгілері бойынша Bincloud компаниясына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бұл туралы агенттік ресми Telegram каналында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Bincloud компаниясы WhatsApp және Telegram мессенджерлері арқылы азаматтардың ақшалай қаражатын тарта отырып, қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

ҚМА таратқан ақпаратқа сәйкес, Bincloud жеке тұлғаларға белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алуды, одан күн сайын салынған соманың 5-6 пайыз мөлшерінде инвестициялық кіріс алуды ұсынған.

"Клиенттерден кіріс қаражатын шығару кезінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16 пайызы ұсталады. Егер сіз Bincloud бағдарламасына қатысып, зардап шексеңіз, ҚМА аумақтық департаменттеріне немесе сенім телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982177-batys-qazaqstanda-mainingten-tabys-tabuga-saqyratyn-qarzy-piramidasy-anyqtaldy/

pixel