Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде бейнекамералар көмегімен жасырын есірткі зертханасы анықталды

Опубликовано:

Өскеменде жасырын есірткі лабораториясы жойылды
Видеодан кадр: Polisia.kz

ІІМ өкілі Шұғыла Нұрлыбек ведомствода өткен брифингте Өскемендегі бейнекамералардың көмегімен болжамды есірткі сатушыны ұстау мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шұғыла Нұрлыбек Өскеменде бейнебақылау жүйелерінің көмегімен есірткі сатушыны ұстап, жасырын есірткі зертханасын жойғанын хабарлады.

"Облыстық есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне қала орталығындағы үйлердің бірінде басқа қаладан келген ер адам тұрып жатқаны туралы, күнде кешкілік үйінен шығып кететіні жайлы ақпарат келіп түсті.

Алынған мәліметтерді нақтылау үшін бейнебақылау камералары қолданылды. Сыртқы бақылау барысында жас жігіттің күн сайын кешке пәтерден арқа қоржынымен шығып, ауданды айналып өтіп, түнде үйіне оралатыны анықталды. Белгілі болғандай, ол осылайша есірткіні жасырумен айналысқан", – деп толықтырды спикер.

Оның айтуынша, күдіктіні ұстау кезінде 30 доза синтетикалық "Альфа-PVP" есірткісі тәркіленген.

Полицейлер жалдамалы үйді тінту кезінде сатуға дайындалған тағы 600 грамм синтетикалық есірткіні тәркіледі.

"Жауап алу барысында күдіктінің бұрын Қарағандыда тұрғаны, ақша табу мақсатымен Өскемен қаласына келіп, есірткі өндірумен және сатумен айналысқаны белгілі болды", – деп түйіндеді Шұғыла Нұрлыбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982216-oskemende-beinekameralar-komegimen-zasyryn-esirtki-zertxanasy-anyqtaldy/

pixel