Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев автобуста әйелді бұрынғы күйеуінен құтқарған жігітті марапаттады

Опубликовано:

Райымбек Медетбек
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің ресми Telegram-каналы

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев автобуста әйелді күш көрсетуден құтқарып қалған Райымбек Медетбекпен кездесті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми Telegram-каналы.

Мегаполис әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 жастағы Райымбек Медетбек әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқармасының "Медеу" мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда ер адам автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуылдағаны туралы хабарлағанбыз. Райымбек Медетбек пен куәгерлердің жедел әрекеттері күш көрсетушіні залалсыздандырып, әйелдің өмірін сақтап қалды.

Оқиғаға қатысты қалалық ПД пікір білдірген. Ведомстоның баспасөз қызметі хабарлауынша, бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне 293-бап, 3-бөлігі бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982223-almaty-akimi-avtobusta-aieldi-buryngy-kuieuinin-kus-korsetuinen-qutqargan-zigitti-marapattady/

pixel