Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан мен Вьетнам арасында әуе рейстері қайта ашылады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Азаматтық авиация комитеті Вьетнам авиациялық билік орындарымен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі Facebook парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, вьетнамдық "Vietjet Air" ірі әуе компаниясы алдағы қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлауда.

"Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді", - делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, "Vietjet Air" - Вьетнамның төмен бюджетті әуе тасымалдаушысы. Әуе компаниясы рейстерді 2007 жылы бастаған. Ол 19-дан астам бағыт бойынша әлемнің 10 еліне (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркінде Airbus А320, A321, А321 neo, А330 үлгісіндегі 78 әуе кемесі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982234-qazaqstan-men-vetnam-arasynda-aue-reisteri-qaita-asylady/

pixel