Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жоғалған 15 жастағы қыз Алматыдан табылды

Опубликовано:

жасөспірім қыз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Түлкібас ауданында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қыз Алматыдан табылды деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Полицияға қыздың анасы арызданған, шағымда әйел қызының 2 күн бұрын үйден шығып кетіп, оралмағанын жазған.

Жақындары жасөспірімді өз бетінше іздеп көрген, алайда ол нәтиже бермеген.

Ведомство мәліметінше, учаскелік полиция қызметкері Нұрбол Есенбеков жоғалған қызды іздеуде ол туралы достары мен таныстарынан, такси жүргізушілері мен қоғамдық көлік жүргізушілерінен сұрастырған.

Көп ұзамай 15 жасар қыздың Шымкентке кеткені, ол жақтан Алматыға аттанғаны белгілі болған. Бірнеше сағаттың ішінде қыздың тұрған жері анықталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, жеткіншек ешкімге ескертпестен оңтүстік астанадағы туған әпкесіне барған. Бұл оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Тәртіп сақшылары жасөспірім қызды үйіне қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982241-turkistan-oblysynda-zogalgan-15-zastagy-qyz-almatydan-tabyldy/

pixel