Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елордада ашылған көпірдің суреті әлеуметтік желіде тарады

Опубликовано:

Елорда
Фото: t.me/myastanacity

Бүгін, 8 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының Ұлы Дала даңғылында көлік автомобиль ашылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімшілігінің хабарлауынша, бұл көпір Мәңгілік Ел даңғылы, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Нәжімеденов көшелерінің, сондай-ақ Nova city ауданы мен "Мыңжылдық" аллеясындағы көлік ағынын азайтады.

Сондай-ақ ол "Нұрлы жол" вокзалы, "Тельман" және "Промышленный" тұрғын үй алаптарын, "Метро" гипермаркетіне, Жұмабаев даңғылы мен Жүргенов көшесіне жетуді жеңілдетеді деп күтіліп отыр.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің мәліметінше, қазір көпірді абаттандыру, соның ішінде тротуар төсеу бойынша жұмыстар аяқталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982269-bugin-elordada-asylgan-kopirdin-sureti-aleumettik-zelide-tarady/

pixel