Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы қатты жауын: Astana IT University жағдайға қатысты түсініктеме берді (видео)

Опубликовано:

жаңбыр суы
Видеодан кадр: Telegram/astanovka98

Елордада "ЭКСПО-2017" көрмесі аумағында орналасқан қос ғимарат су астында қалды. Толассыз жауған жауыннан қонақ үй мен университеттің іші көлге айналған.

Қатты жауын Astana IT University ғимаратының төбесін тесіп аққан. Салдарынан университет мүлкі бүлінді, деп хабарлайды КТК арнасы. Әскери формадағы ер-азаматтар оқу бөлмесіндегі компьютерлерді жинап әлек болған.

Ал Hilton Astana ультразаманауи қонақүйінің барлық қызметкері бір күнге еден жуушыға айналды. Желі қолданушылары қонақ үйден адамдар басқа орынға көшірлегенін айтады.

Шелектеп жауған жаңбырдан бас қаланың көшелері де көлге айналды. Кенесары көшесіндегі топан суды елордалықтар Ниагара сарқырамасына, Иманов көшесін Венецияға теңеп жатыр.

Ал Сейфуллин көшесінің тұрғындары жаңбыр суының подъезге дейін кіргенін видеоға түсіріпті. Мұндағылар 10 жылдан бері толассыз жауған жаңбырдан, көктемдегі қар суынан зардап шегіп келедтінін, су кешіп жүру көпқабатты үйлер салынғаннан кейін пайда болғанын айтуда.

Ал оны сорып алуға, кәріз жүйесін жаңартуға жергілікті басшылар қауқарсыз.

"Екі үй салынды. Үш үйдің кәріз жүйесі бір құбырда, сосын кетпейді әрі қарай. Оны үлкейту керек. Жертөледен ылғи сасық иіс шығады. Жертөледе су толып тұрады. Көктемде қар еріп, суға толады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Саламат Айзатов.

Дереккөз: КТК арнасы

Сол арада су басқан Astana IT University өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді. ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген оқу орынның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған видеодағы су басқан нысанның университетке тиесілі екенін растады.

"Қазіргі уақытта оқу орны QazExpoCongress АҚ-ға тиесілі ғимараттың бір бөлігінде орналасқан. Видеода көрсетілген аудитория - университеттің әскери кафедрасы. Ол орын студенттерді оқытуға арналмаған. Оған қоса, каникулға байланысты қазір университетте сабақтар өткізілмейді. Бүгінде оқу орны мен QazExpoCongress бірлесіп, су басқан жерлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп мәлім етті университеттің баспасөз қызметі.

Университет жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, студенттерді қабылдайтынын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982291-elordadagy-qatty-zauyn-astana-it-university-zagdaiga-qatysty-tusinikteme-berdi-video/

pixel