Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, жел: Еліміздің көптеген өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Метеорологтар еліміздің көптеген өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін, 9 тамызда Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жел соғады. Оның екпіні кейбір өңірде 23 метр секундқа жетуі мүмкін.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар облысында найзағай жарқылдайды. Олардың қатарында Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы бар.

Бұдан бөлек мамандар бүгін Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен елордада бұршақ жауады деп отыр.

Ауа райын болжаушылардың дерегінше, 9 тамызда Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында тұман түсуі ықтимал және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстарында жаңбыр күтіледі. Синоптиктер елорда да жауын болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982302-elimizdin-koptegen-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/