Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенбіден бері газ жоқ": Шымкент қаласының көлік жүргізушілері наразылығын білдірді

Опубликовано:

Газ
Көрнекі фото: pixabay.com

Еліміздің үшінші мегаполисінің тұрғындары қалада газдың жетіспеушілігіне шағымданды. Олар көліктерін қажеттік сұйықтықпен толтыра алмай жүргеніне наразы. Жүргізушілердің сөзінше, мәселе өткен сенбіде басталған, деп жазады Otyrar.kz.

Басылым мәліметінше, кеше, 8 тамызда қаладағы жанармай құю бекеттерінің басым бөлігі газ жоқ деген белгі қойған.

Дегенмен мегаполисте автогаз бағасы көтерілмеген: литрі 60 теңгені құрап отыр.

Көлік жүргізушілері табиғи сұйықтықтың құны өсуі мүмкін деп қорқатындарын жасырмады.

"Олар газбен ешқандай проблема болмайды деген болатын. Мен сенбіден бері газ таба алмадым. Кейбір жерлерде: "Мың теңгеге келіссек болады. Үстінен тағы бес жүз жүз теңге" деп айтты", - дейді Шымкент тұрғыны.

"Бүгін таңертең бірнеше жанармай құю бекетін аралап шықтым. Газ құя алмадым. Менің ойымша, тағы да бағаны көтереді", – деп болжады мегаполис тұрғыны.

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы бұған қатысты пікір білдіріп, шаһарда газ тапшылығы жоқ деп мәлімдеді. Қала айына 7700 тонна газға тәуелді екен. Оны жеткізу шараларының апта сайын жүріп жатқаны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982311-senbiden-beri-gaz-zoq-symkent-qalasynyn-kolik-zurgizusileri-narazylygyn-bildirdi/

pixel