Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында үтік басу арқылы азаптау ісі бойынша 5 полицей күдікті деп танылды

Опубликовано:

қылмыстық іс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптау туралы іс бойынша тергеу амалдарын аяқтады. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми сайты.

Прокуратура органдары мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қаңтар айындағы оқиғалар кезеңінде ұсталғандарды азаптады деп күдіктелген полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, тергеу нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

"Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды, оның ішінде 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар. 2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды", - делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982381-almaty-oblysynda-utik-basu-arqyly-azaptau-isi-boiynsa-5-policei-kudikti-dep-tanyldy/

pixel