Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтардың үйін тонап жүрген екі шетелдік пен бір Қазақстан азаматы ұсталды

Опубликовано:

Алматылықтардың үйін тонап жүрген ұрылар ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматылықтардың үйлерін тонап жүрген ұры-гастролерлер тобы ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, ұсталған топтың құрамында Тәжікстан мен Қырғызстанның тумалары мен жергілікті тұрғын бар.

"Барлығы үш адам ұсталды. Басты рөлдерді 42 және 39 жастағы шетелдіктер өзара бөліскен. Олар – орындаушылар. Тасымалдаумен біздің жерлесіміз, Алматы облысының тұрғыны айналысқан. Ол – 35 жаста.

Қаскөйлерді әшкерелеу алдында олар Шоқай көшесінің бойында орналасқан жеке үйлердің бірін тонап кеткен. Құқық бұзушылардың бөтен адамның үйіне терезе арқылы кіргені анықталды.

Олар үйден цифрлық, тұрмыстық техниканы алып шығып, сондай-ақ үй иесінің жеке заттарын олжалаған. Ер адам ұрылардан келтірілген материалдық шығынды 45 000 теңгеге бағалаған", – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, полицияның арнайы жасағы мен Медеу аудандық полиция қызметкерлерінің көмегімен жүргізілген жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде "гастролерлер" ұсталды.

"Біз бұл "трио" жасаған басқа эпизодтарды да жоққа шығармаймыз, бұл бағытта жұмысты жалғастырамыз. Сонымен қатар ұрланған мүлікті сату арнасын анықтаймыз", – деді Науатов.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982391-almatylyqtardyn-uiin-tonap-zurgen-eki-seteldik-pen-bir-qazaqstan-azamaty-ustaldy/

pixel