Қостанай облысында 5 жасар қыз жоғалды: Полицейлер жол бойына тамақ пен сусын қалдырып жатыр
Жарияланған күні:
Қостанай облысында 7 тамызда жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеу жұмыстары әлі жалғасуда. Тәртіп сақшылары іздестіру шарасы туралы соңғы ақпаратпен облыстық ПД Instagram парақшасында бөлісті. Ақпарат 9 тамыз, сейсенбі күні сағат 13:00-дегі жағдай бойынша жазылған.
12-ден астам егістік алқабы әуеден және 8 егістік жаяу тексерілді. Полиция қызметкерлері қарап шыққан аумақтарға өздерінен кейін су мен тамақ қалдыруда.
Сонымен қатар кеше қызды көрген жүгері алқабында баланың тістерінің ізі қалған жүгері собығы табылған болатын. Ол сараптамаға жіберілді.
Қыз баланың өзі әлі табылған жоқ.
Игерілген аумақты ескере отырып, іздеу аймағы төрт бағытқа кеңейтілді:
- Жамбыл ауылы – Тобыл өзені;
- Алтын дала ауылы;
- Қостанай қаласы;
- Самир ауылы.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін облыстық полиция халыққа үндеу жасағанын жазған болатынбыз.
Жексенбі, 7 тамыз күні таңертең үлкен әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз бала терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен. Сәбиді іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік етті. Бүгінде баланы полициямен қатар еріктілер, құтқарушылар, кинологтар және облыстың ерікті тұрғындары іздестіруде.
Кеше қызды іздеуге тікұшақ та жұмылдырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982405-qostanai-oblysynda-5-zasar-qyz-zogaldy-policeiler-zol-boiyna-tamaq-men-susyn-qaldyryp-zatyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.