Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды іздеу жұмыстары қалай жалғасуда

Опубликовано:

5 жасар қызды іздеп жүрген азаматтар
Фото: instagram.com/dpkostanaiskoi_oblasti

Қостанай облысында полицияның жедел штабы жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеу жұмыстарына қатысты сағат 16:00-дегі ақпаратты жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі ведомствоның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратынша, Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Гауез Нұрмұхамбетовтың қатысуымен жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Сағат 16.00-де іздеу аймағы Жамбыл ауылы - Тобыл өзені, Алтын дала ауылы, Қостанай қаласы, Самир ауылы төрт бағытта жүруде.

"Штаб отырысында егістікке азық-түлік пен су қалдырып, оларға әуе шарларын байлау туралы шешім қабылданды. Бұл іздеу жүйелері үшін сигналдық нұсқа болады.

Әр өрісте осы процесті бақылайтын бақылаушылар бар. Ауадан бақылау жалғасуда. Кешкі алтыдан кейін баланы іздеуге көмекке келген Рудный дельтаклубының нұсқаушылары алаңдарды жоспарлайды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең үлкен әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз бала терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен. Сәбиді іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік етуде.

Бүгінде баланы полициямен қатар еріктілер, құтқарушылар, кинологтар және облыстың ерікті тұрғындары іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982425-qostanai-oblysynda-zogalgan-5-zasar-qyzdy-izdeu-zumystary-qalai-zalgasuda/

pixel