Алматыдағы екі көше ішінара бір бағытты болады
Опубликовано:

Алматыда 11 тамыздан бастап екі көшенің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. Яғни Шәкәрім және Есенжанов көшелері бір бағытты болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен, батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін бір бағытты қозғалыс болады.
Ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін көліктер бір бағытта қозғалады.
Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініші негізінде жасалып жатқандығы атап өтілді.

Сондай-ақ көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту үшін жасалуда.
Жұмыстарды қалалық мобилділік басқармасы уәкілетті орган Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүргізуде.
"Өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және жол қозғалысы Ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береміз", – деді әкімшілікте.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982431-almatydagy-eki-kose-isinara-bir-bagytty-bolady/