Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысының полициясы жоғалған 5 жасар қызды іздеуге атсалысып жатқандарға үндеу жасады

Опубликовано:

Жедел штаб
Фото: instagram.com/dpkostanaiskoi_oblasti

Қостанай облысы полиция департаментінің жедел штабы Instagram парақшасы арқылы Жамбыл ауылында жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеу жұмыстарына атсалысып жатқан азаматтарға үндеу жасады.

Ведомствоның мәліметінше, жедел штаб жұмысына нейропсихолог Екатерина Руффта қатысуда.

Ол дамуында ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейді. Маман іздеу операциясына қатысып жатқандарға кеңес берді.

"Мұндай балалардың мінез-құлқы стереотиптік емес, қатты дыбыстардан, әсіресе айқайдан қорқуы мүмкін, олар төбеге шығып, жарыққа және басқа да тітіркендіргіштерге бірден жауап қайтарады", - дейді Екатерина Руфф.

Осыған байланысты жедел штаб баланы кездестіріп немесе тауып алғандарға арналған ұсыным жасады: оны тауып алған кезде атын атамай, жай ғана барып баланы алу керек.

Сонымен қатар жедел штаб көмек көрсетудің кез келген түрін штаб үйлестіретінін азаматтардың есіне тағы бір мәрте салды.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең үлкен әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз бала терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен. Сәбиді іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік етуде.

Бүгінде баланы полициямен қатар еріктілер, құтқарушылар, кинологтар және облыстың ерікті тұрғындары іздестіріп жатыр. Оны іздеу жұмыстарына тікұшақ та тартылған.

Одан бөлек, полиция жолға тамақ пен сусын қалдырып кетіп жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982443-qostanai-oblysynyn-policiyasy-zogalgan-5-zasar-qyzdy-izdeuge-atsalysyp-zatqandarga-undeu-zasady/

pixel