Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда сиырларға аю шабуылдап жүрген болуы мүмкін

Опубликовано:

Аю
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының тұрғыны өзінің екі сиырын белгісіз біреулер өлтіріп кеткенін мәлімдеген. Ірі қараға аю шапты деген болжам бар, деп хабарлайды YK-news.kz.

Малға алғаш рет екі апта бұрын шабуылдаған. Артынша ер адам орман шаруашылығының инспекторларына сиырын аю өлтіргенін мәлім еткен. Комиссия оқиға орнынан жабайы жануардың терісі мен кемірген сүйектерінің қалдығын анықтады.

"Бірақ біз сиырды аю өлтірді деп нақты айта алмадық, аю онсыз да өлген жануарды жеп қойған болуы мүмкін", - деп түсіндірді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы орман және аңшылық шаруашылығы бөлімі жедел әрекет ету бөлімі бастығының орынбасары Василий Ткаченко.

Алайда оқиға 8 тамызда тағы қайталанған, тұрғын жыртқыштың үстінен тағы да шағымданды.

"Ауыл тұрғынының айтуынша, 8 тамызда аю тағы бір сиырын өлтірген. Бұл жолы ер адам өлген жануардың суретін жіберген. Оған қарап, аю сиырға шабуыл жасады деп болжауға болады. Барлық белгілері бойынша соған ұқсайды", - дейді Ткаченко.

Десе де, соңғы шешімді Өскеменнен Ұлан өңіріне барған комиссия айтады. Манат ауылына баратын жол маңындағы демалыс орындарынан да өлген сиырлар табылғаны нақтыланған.

"Соңғы уақытта бізде аю көбейіп кетті, өйткені бұл аңды ешкім аулап жүрген жоқ", - дейді инспектор.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982523-sygys-qazaqstanda-siyrlarga-ayu-sabuyldap-zurgen-boluy-mumkin/

pixel