Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан Өзбекстанға 45 млн доллардың бензинін заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: piqsels.com

Қаржылық мониторинг агентігінің Павлодар облысы бойынша департаменті АИ-95 маркалы бензинді ел аумағынан заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚМА ресми Telegram каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, көлемі 280 тонна, құны шамамен 90 миллион теңгені құрайтын жанармай құйылған 5 вагон-цистерна анықталған. Күдіктілер оны жанармай қоспасы деген желеумен Өзбекстанға алып кетпек болған.

Мамандардың қорытындысына сәйкес, теміржол цистерналарынан алынған сынамалар К-4 экологиялық класындағы АИ-95 бензині болып шыққан.

Белгілі болғандай, келісім шарт бойынша шетел компаниясының пайдасына елден жалпы сомасы 45 миллион долларға 50 мың тонна экспорттау жоспарланған.

Қаржылық мониторинг агенттігі тергеу жалғасып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар тергеу мүддесіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982536-qazaqstannan-ozbekstanga-45-mln-dollardyn-benzinin-zansyz-aketpek-bolgandar-ustaldy/

pixel