Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, бұршақ, жел: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді. Осылайша, алдағы тәулікте бұл өңірлерде негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі.

Ал елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді. Нәтижесінде аталған аймақтарда қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Сондай-ақ күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел тұруы мүмкін.

Жалпы алғанда, алдағы күндері батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +23 +35°С, солтүстікте +20 +28°С, орталықта +23 +33°С, шығыста +18 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35°С, таулы аудандарда +13 +20°С градус жылы болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982538-zanbyr-bursaq-zel-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel