Атыраудағы аурухананың бірінде жүкті әйел көз жұмды: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Опубликовано:

Атыраудағы аурухананың бірінде жүкті әйел көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, 32 жастағы жүкті әйелдің қайтыс болу фактісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабы бойынша, яғни медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған.
Тәртіп сақшылары тиісті сараптамалардың тағайындалғанын хабарлап отыр.
"Өзге ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982589-atyraudagy-auruxananyn-birinde-zukti-aiel-koz-zumdy-policiya-tergeu-zurgizip-zatyr/