Алматы тауларында адасып кеткен ағылшын азаматы табылды
Опубликовано:

Алматы тауларында адасып кеткен Ұлыбритания азаматы табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Алматы қаласының құтқару қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 21:08-де төтенше жағдайлар департаментінен "Чимбулачка" шыңынан түсіп бара жатқан кезінде 1979 жылы туған Ұлыбританиялық Макогон Романның адасып кеткені туралы хабарлама түскен.
"Іздестіру жұмысына "Тұйық су" лагерінен экипаж жолға шығады. Сағат 22:44-те құтқарушылар адасқан адаммен визуалды байланыс орнатқан (ол таудың арғы жағында болды). Екі жақ кездесу орнына дейін қозғалысты жалғастырған. Сағат 00:30-да құтқарушылар адасып кеткен адаммен кездесіп, төменге түсе бастайды.
Сағат 02:45-те олар "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортына келеді. Мұнда ағылшын азаматын әйелі күтіп алды. Сондай-ақ оған медициналық көмек қажет болған жоқ",- делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін 44 жастағы Ұлыбритания азаматы Роман Макогон Алматы тауларында адасып кеткенін жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982592-almaty-taularynda-adasyp-ketken-agylsyn-azamaty-tabyldy/