Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн күркірейді

Опубликовано:

Алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, күн салқындайды
Көрнекі сурет: Pixabay.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы тәуліктерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, яғни 11-13 тамыз күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейсенбіден сенбіге дейін республиканың батыс, солтүстік-батыс бөлігіне солтүстік-батыс антициклонының екпіні әсер етеді. Сондықтан алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ және шуақты ауа райы күтіледі.

Еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөліктеріне бір мезгілде Оңтүстік циклонның және атмосфералық фронттардың ықпалы болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын күтілуде, яғни нөсер жаңбыр, найзағай, екпінді жел, тіпті бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз ауа температурасының негізгі фоны:

батыста – +30...+38 градус

солтүстік-батыста – + 23...+35 градус

солтүстікте – + 20...+28 градус

орталықта – + 23...+ 33 градус

шығыста – +18+28 градус

елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – +23...+35 градус

таулы жерлерде – + 13...+20 градус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982606-aldagy-kunderi-elimizde-zanbyr-zauyp-kun-kurkireidi/

pixel