Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада компания директоры қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі сурет: NUR.KZ

Елордада MMK Investment компаниясын тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі өз ресми Telegram-каналында хабарлады.

Агенттіктің елорда департаменті инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған MMK Investment компаниясына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Мұндай компаниялардың өкілдері салымшыларды ең аз 50 доллар инвестициямен тарта отырып, күнделікті жоғары табысқа, әкелінген әрбір клиент үшін қосымша пайыз төлеуге уәде береді", - делінген хабарламада.

Компанияда жеке шоттағы әрбір салым сомасы шартсыз, "цифрлық түрде" көрсетілген.

Сонымен қатар мұндай жалған қаржылық ұйымдардың клиенттері инвестицияланған қаражатты ала алмаған, олардың тек шотты толтыруға мүмкіндігі болған.

"MMK Investment компаниясының заңсыз қызметі әлеуметтік желілер арқылы жарнамаланды. MMK Investment қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

Осы орайда Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982619-elordada-kompaniya-direktory-qarzy-piramidasyn-qurdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel