Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында бірнеше күн бұрын жоғалған бес жасар қыз өлі күйінде табылды

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Бүгін, 10 тамызда Қостанай облысында бірнеше күн бұрын жоғалған бес жасар қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство қыздың мәйіті Жамбыл ауылындағы өз үйінен үш шақырым жерде дронның көмегімен табылғанын хабарлады.

Оқиға орнына аға лейтенант Самат Ещанов келіп, ерікті Дамир Бектұрғановпен бірге қыздың мәйітін жасанды су қоймасынан тапты.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

KAZ.NUR.KZ редакциясы бүлдіршіннің жақындарына көңіл айтады.

Еске сала кетсек, Қостанай облысында жексенбі, 7 тамыз күні таңертең әпкелері ұйықтап жатқанда, 5 жасар қыз терезе арқылы үйден шығып, жоғалып кеткен еді. Бүлдіршінді іздеуге облыстық полиция басшысы жетекшілік еткен болатын.

Одан бөлек полиция жолға тамақ пен сусын қалдырып жүрген еді. Ал бүгін тәртіп сақшылары іздеу шараларының тактикасы өзгергенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982629-qostanai-oblysynda-zogalgan-bes-zasar-qyz-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel