Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абайдың өлеңін жатқа айтты (видео)

Опубликовано:

Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы. Фото: Хабар 24

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері Абай күніне орай видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Биыл қазақстандықтар ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 177 жыл толғанын атап өтіп жатыр.

Осыған орай, Қазақстандағы Америка елшілігінің қызметкерлері видеоқұттықтау жолдады.

"Сәлеметсіз бе? Қазақстанға келгелі біз де хәкім Абай Құнанбайұлының өлеңдерімен танысуды жөн көрдік. Сонымен қатар үзінді болса да, кейбіреуін жатқа айтқымыз келеді", - деді елшілік қызметкері.

Кадрдан шетел азаматтарының киіз үйдің ішінде Абай Құнанбайұлының "Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап", "Құлақтан кіріп бойды алар" атты өлең шумақтарын жатқан айтқанын көруге болады.

Сонымен қатар елшілік қызметкері гитарамен ұлы ақынның "Көзімнің қарасы" әнін сүйемелдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982633-aqs-elsiliginin-qyzmetkerleri-abaidyn-olenin-zatqa-aitty-video/

pixel