Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобуста бұрынғы әйеліне шабуыл жасаған алматылық қамауға алынды

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Автобуста бұрынғы әйеліне пышақпен шабуыл жасаған алматылық азаматты қамауға алуға санкция берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 10 тамыздағы қаулысымен күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстаудың бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтініш қанағаттандырылды", – деп хабарлады сотта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполистегі автобустардың бірінде 5 тамыз күні әйелге шабуыл жасалғаны белгілі болды. Кейін жәбірленуші болған оқиғаның егжей-тегжейін айтып берген еді. Оның айтуынша, әйелге бұрынғы күйеуі шабуыл жасаған. Жақында күдікті ұсталды.

Қалалық полиция департаменті бұл факті ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі ("Денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген оқ ататын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды не басқа да заттарды қолдану немесе қолдану әрекеті арқылы бұзақылық") бойынша тіркелгенін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982636-avtobusta-buryngy-aieline-sabuyl-zasagan-almatylyq-qamauga-alyndy/

pixel