Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауа райы болжамы: Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңбыр жаууы мүмкін

Опубликовано:

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның ең ірі екі қаласы - Алматы мен Нұр-Сұлтанда бейсенбі, 11 тамыз күні жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Бұл ақпаратты "Қазгидромет" РМК ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ауа райын болжаушылар ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін Алматы қаласында найзағай жарқылдауы мүмкін. Алайда ауа температурасы +28...+30 градусты көрсетеді.

Синоптиктер оңтүстік астана тұрғындарына секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғатынын, оның екпіні 12 м/с-қа дейін баратынын айтып, ескерту жасады.

Мамандар Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін екенін де жеткізді.

Айта кетейік, елордада үшінші күн қатарынан жаңбыр жауып жатыр. Оның салдарынан қала көшелерін су басуда.

Мамандардың мәліметінше, бүгін елордада тағы жауын болады. Ауа температурасы +23...+25 градусты көрсетеді деп күтіліп отыр. Ал желдің жылдамдығы 9-14 м/с баруы ықтимал.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Cұлтанда дауылды ескерту жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982663-aua-raiy-bolzamy-bugin-nur-sultan-men-almatyda-zanbyr-zauuy-mumkin/

pixel