Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Энергетика министрлігіне қатысты жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

газ
Фото: kaztransgas.kz

Энергетика министрлігі желіде ведомствоға қатысты фейк ақпарат тарап жатқанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде Еуропаға мұнай мен газ экспорттау арқылы жоғары кіріс алатын газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда. Онда Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады", - делінген хабарламада.

Осы орайда Энергетика министрлігі вирустық жарнаманың жалған екенін мәлімдеп, қазақстандықтарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

"Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана жарияланады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982681-zelide-energetika-ministrligine-qatysty-zalgan-aqparat-tarady/

pixel