Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен екі әскери қызметші тергелді

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деп күдікке ілінген екі әскери қызметшіге қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, тергеу барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бұрынғы әскери қызметшісі автокөліктерді нарықтан төмен бағамен сатумен айналысқаны анықталған. 

Ал Ұлттық ұланның келісімшарт бойынша әскери қызметшісі смартфондарды төмендетілген бағамен сатып алу сылтауымен азаматтардан 97 млн теңгеден астам ақшалай қаражат иемденген. 

Ведомство қазір қылмыстық іс материалдармен танысу сатысында екенін мәлімдеді. Жақын арада әскери сотқа жіберіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982702-alayaqtyq-areketterge-qatysy-bar-degen-kudikpen-eki-askeri-qyzmetsi-tergeldi/

pixel