Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір жыл бұрын жоғалып кеткен алматылықтың денесі ШҚО-дан табылды

Опубликовано:

ер азамат
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскемен қаласының маңында орналасқан орман алқабынан ер адамның мәйіті табылды. Полицияның мәліметінше, марқұм - өткен жылдың наурыз айында жоғалып кеткен алматылық азамат, деп жазады Noks.kz.

Басылымның мәліметінше, 1991 жылғы ер адам 2021 жылдың 13 наурызында Алматыда жоғалып кеткен. Сол күні ол сағат 06:30 шамасында Райымбек даңғылында орналасқан жұмысынан шыққан. Одан кейін ер адамды ешкім көрмепті.

Алматы қаласының тұрғынын Lider.kz еріктілер қозғалысы іздестірді. Алайда бір жылдам астам уақыт ішінде таба алған жоқ. Жақында олар ер адамды іздеу жұмыстарының тоқтатылғанын хабарлады.

"Оның мәйіті Өскемен маңындағы орман алқабынан табылды. 19 шілдеде аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама жүргізілуде", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982708-bir-zyl-buryn-zogalyp-ketken-almatylyqtyn-denesi-sqo-dan-tabyldy/