Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорданың 32 жастағы тұрғыны мешітте ұрлық жасады деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Мешіттің намаз оқитын жері
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда мешіттің кіреберісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреден ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 32 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам сағат 23.00 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойынша мешітке келген. Мешіттің кіреберісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреде "Samsung" маркалы ұялы телефоны жатқанын байқап, оны жасырын ұрлап алып, бой тасалаған.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірілген материалдық шығын 100 мың теңгені құрайтынын атап өткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ұсталған азамат кінәсін мойындаған, заттай дәлелдеме тәркіленген. Полиция оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азматтарға сақ болуды және құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982710-elordanyn-32-zastagy-turgyny-mesitte-urlyq-zasady-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel