Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында қанттың тапшылығын пайдаланып заңсыз әрекетке барғандар ұсталды

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында өңірдегі бағаны тұрақтандыруға арналған қантты бөлудің қылмыстық сызбасы әшкереленді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналы хабарлады.

Агенттік ұсынған ақпаратқа сәйкес, әкімдік пен "Тобыл ӘКК" акционерлік қоғамының қызметкерлері қант тапшылығын пайдалана отырып, оны облыстың тұрақтандыру қорынан келісі 420 теңге жеңілдік құны бойынша кезектен тыс және нормадан тыс таңдап алған кәсіпкерлерге берген.

Бұл үшін кәсіпкерлер әкімдік пен ӘКК қызметкерлеріне сыйақы ретінде 100-ден 500 келіге дейін қантты үлестіргені белгілі болды.

Аталған кәсіпкерлер пайда көру мақсатында халыққа қантты 10 пайыздың орнына 100 пайыздық үстеме бағамен сатқан.

"Тұрақтандыру қорының қойма меңгерушісінің жеке гаражын тексеру барысында 900 келі қант табылып, тәркіленді. Алынған қант тұрақтандыру қорына қайтарылды", - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982713-qostanai-oblysynda-qanttyn-tapsylygyn-paidalanyp-zansyz-areketke-bargandar-ustaldy/

pixel