Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерболат Досаев: Менің пәтерімде де күніне бірнеше рет жарық өшеді

Опубликовано:

Ерболат Досаев
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы Әуезов ауданының тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кездесуінде күн сайын үйінде жарық сөніп қалатынын айтып шағымданды. Оған жауап ретінде мегаполис әкімі өз пәтерінде де электр қуаты жиі өшірілетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әуезов ауданының тұрғыны әкіммен кездесуде "Достық" ықшамауданында бір ай бойы күн сайын электр жарығы өшіп тұратынын айтып шағымданған.

"Менің үйімде де жарық өшеді, мен пәтерде тұрамын, күніне бірнеше рет электр қуатын сөндіріп тастайды. АЖК-дағы (Алатау жарық компаниясы - ред.) негізгі мәселе - желілер тозған", - деді әкім.

Ол электр желілерінің тозуы барлық қала тұрғынын алаңдатып отырғанын атап өтті.

"60 пайыз - (желілердің тозуы - ред.) бүкіл қала бойынша орташа көрсеткіш. Бүгінде АЖК жаңғырту жоспарларын әзірлеуде, біз оны келесі жылдан бастап жүзеге асыруға тырысамыз", - деп түйіндеді сөзін Досаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982720-erbolat-dosaev-menin-paterimde-de-kunine-birnese-ret-zaryq-osedi/

pixel