Қызылорда облысында бірнеше күн бұрын жоғалған ауыл тұрғыны өлі табылды
Опубликовано:

Қызылорда облысында бірнеше күн бұрын жоғалған ауыл тұрғыны өлі күйінде табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство дерегінше, 11 тамыз күні сағат 8:10-да Жалағаш ауданы Мәдениет ауылынан 4 шақырым жерде екі күн бұрын фазендадан мал іздеуге шығып, қайтып оралмаған 1950 жылғы азаматты іздеу жұмыстары жүргізілді.
Іске Қызылорда облыстық ТЖД Жедел құтқару жасағының күші (5 құтқарушы, 1 кинологиялық есеп және 1 бірлік техника), ТЖД (2 қызметкер және 1 бірлік техника), аудандық полиция бөлімі (45 қызметкер және 6 бірлік техника), туыстары (5 адам, 1 бірлік техника) мен жергілікті тұрғындар (100 адам және 10 бірлік техника) жұмылдырылды.
Нәтижесінде азаматтың мәйіті сағат 10:05-те "Мәдениет" суару каналынан 15 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1982812-qyzylorda-oblysynda-birnese-kun-buryn-zogalgan-auyl-turgyny-oli-tabyldy/