Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде жоғалып кеткен баланы 500-ден астам іздестіруде

Опубликовано:

жоғалып кетті
Фото: instagram.com/eastkazpolice

Өскеменде 11 жасар бала жоғалып кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

11 жасар баланың есімі - Ахмеджанов Тамирлан Тимурұлы. Оның жоғалғаны туралы хабарлама Ертіс полиция бөліміне 14 тамызда түнгі 02:30 шамасында түскен.

Жақындарының сөзінше, кәмелет жасына толмаған бала үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Хабар алысымен тәртіп сақшылары іздеу жұмыстарын бастап кетті.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологтар, Ұлттық Ұлан сарбаздары, волонтерлер, құқық қорғау саласының мамандары жұмылдырылған. Олардың саны 500-ден астам, дейді ведомство.

"Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, квадрокоптер тартылып, үйлерді аралап тексерілуде", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983123-oskemende-zogalyp-ketken-balany-500-den-astam-izdestirude/

pixel