Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамнан COVID-19 анықталды
Опубликовано:

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 14 тамызда елімізде коронавирус жұқтырған тағы 1239 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram-каналында.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 233,
Алматы қаласында - 145,
Шымкент қаласында – 17,
Ақмола облысында – 83,
Ақтөбе облысында – 50,
Алматы облысында - 9,
Жетісу облысында - 19,
Атырау облысында - 33,
Шығыс Қазақстан облысында - 16,
Абай облысында - 17,
Жамбыл облысында - 24,
Батыс Қазақстан облысында - 84,
Қарағанды облысында - 186,
Ұлытау облысында - 18,
Қостанай облысында - 94,
Қызылорда облысында - 20,
Маңғыстау облысында - 26,
Павлодар облысында - 81,
Солтүстік Қазақстан облысында - 74,
Түркістан облысында - 10.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 376 968-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 1737 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983127-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnan-covid-19-anyqtaldy/