Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да темекі шегіп жатып қалғып кеткен ер адамның үйі өртке оранды

Опубликовано:

шылым
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында үйде шылым шегіп, өрт шығуына себепкер болған жергілікті тұрғын құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті растады.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар Қабанбай батыр көшесіндегі өрт шыққан көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялап, ер адамды аман алып қалды.

Қызыл жалынның төртінші қабатта орналасқан пәтерден шыққаны белгілі болды.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген уақытта үй ішінде жиһаздың ағаш құрылымдары мен матрасы жанып жатқанын жеткізді.

"10 тұрғын өз бетімен сыртқа шығып үлгерген. Құтқарушылар түтін басқан аумақтан тағы үш адамды шығарды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар өрт болған пәтерден 1966 жылы туған ер адам құтқарылған. Дәрігерлер оның денсаулығына ешқандай зақым келмегенін мәлімдеді.

Өрттің шығуына үй иесінің сөндірілмеген шылыммен қалғып кетуі себеп болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983142-sqo-da-temeki-segip-zatyp-qalgyp-ketken-er-adamnyn-uii-ortke-orandy/

pixel