Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

көлік
Оқиға орны. Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, деп жазады Polisia.kz.

Жол көлік оқиғасы 14 тамыз күні сағат 16:55-те "Покровка – Жаңажол" тасжолының 75-шақырымында тіркелді.

Темір қаласынан Кеңқияқ ауылы бағытында келе жатқан ВАЗ 2113 жеңіл көлігінің 26 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ-бен соқтығысқан. Жүк көлігін Мұғалжар ауданының 50 жастағы тұрғынының басқарғаны белгілі болды.

Атап салдарынан ВАЗ 2113 көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен қатар тағы бір жолаушысы түрлі жарақатпен Кенкияқ аулының ауруханасына жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983157-aqtobe-oblysynda-zantursigerlik-zol-apaty-boldy-4-adam-qaza-tapty-video/

pixel