Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана тұрғынын кенеттен ұрып-соғып, тонаған азамат бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласы
Видеодан кадр: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда жас жігітті ұрып-соғып, тонап кету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ ресми порталының хабарлауынша, түнгі уақытта елордада Гeте көшесінің бойындағы "Паровоз" ескерткішінің жанында тұрған жас жігітке ер адам келіп темекі тұтатып алуын сұраған және кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан Samsung 032 ұялы телефонын жұлып алған.

Жәбірленушіге жасаған шабуыл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефонды жігіт вокзал маңында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

"Қазіргі уақытта "Tонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде", – дейді "Сарыарқа" ауданы ПБ бастығы Дулат Жұмағұлов.

Ескерту: Бейнежазбада зорлық-зомбылық көріністері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983179-astana-turgynyn-kenetten-uryp-sogyp-tonagan-azamat-beinebaqylau-kamerasyna-tusip-qaldy-video/

pixel