Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодардағы полиция дәретханасынан табылған құжаттар: Кінәлілер анықталмады

Опубликовано:

Дәретханадан табылған құжаттар
Дәретханадан табылған құжаттар. Фото: Назерке Ризабекова

Полиция қызметкерлері Павлодардағы полиция басқармасы ғимаратының әжетханасынан табылған құжаттарға қатысты тексеріс жүргізді. Алайда құжаттарды дәретхана қағазы ретінде қолдануды ұйғарған адамды табу мүмкін болмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство әжетханадан табылған құжаттарды ол жерге кім әкелгенін анықтау мүмкін болмағанын, тіпті табу мүмкін еместігін мәлім етті.

"Бейнекамералардағы жазбалар еш нәтиже бермеді, себебі бейнежазбаларды сақтау мерзімі 30 күннен аспайды", - деп түсіндірді Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың сәуір айында алматылық заңгер әлеуметтік желіде әжетханадағы қоқыс шелегінде жатқан құжаттар бейнеленген суреттерді жариялаған болатын. Фото авторы Назерке Ризабекова оны жабайылыққа теңеген еді.

Ол құжаттарды Павлодар қалалық полиция басқармасының ғимаратындағы әжетханадан тауып алғанын айтқан еді. Сол жағдайдан кейін тәртіп сақшылары тексерісті бастаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983201-pavlodardagy-policiya-daretxanasynan-tabylgan-quzattar-kinaliler-tabylmady/

pixel